Жаңаөзенде 7 жасар бала үйдің шатырынан құлап кетті

01.03.2019 16:40

Ата-анасының айтуынша, ұлдары үйдің шатырында ойнап жүрген

Baribar.k

Жаңаөзенде үйдің шатырында ойнап жүрген 7 жасар бала құлап кетті. Қазір ол қалыпты ауыр хәлде жатыр, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

Ата-анасының айтуынша, ұлдары үйдің шатырында ойнап жүрген. Төрт метрлік биіктіктен құлаған ол басын тасқа ұрған.

2012 жылы туған бала Жаңаөзен қалалық ауруханаға бас-ми және түрлі жарақаттармен жеткізілді. Баланы аман алып қалу үшін Маңғыстау облыстық ауруханасынан нейрохирург Ербол Кенжевалов арнайы келген.