Қарағандыда су қоймасынан әйелдің денесі табылды

inbusiness.kz
inbusiness.kz
Алдын ала болжам бойынша, суға батып кеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағандыда Федоров су қоймасынан әйелдің денесі табылды. Тәртіп сақшылары марқұмның жеке басын анықтап жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап сілтеме жасап.

Федоров су қоймасынан әйелдің денесін өтіп бара жатқан адамдар тауып алып, полиция шақырған.

Белгілі болғандай, әйелдің денесінен зорлық-зомбылықпен өлім белгілері табылмаған. Алдын ала болжам бойынша, суға батып кеткен.

Сәуір айының соңғы күндері Қарағандыда ауа райы жаздағыдай жылы болды. Полицейлер әйелдің өлімінің себебін сот-медициналық сараптама белгілейтінін айтып отыр.

«Зорлық-зомбылық белгілері жоқ әйелдің мәйітін табу фактісі полицияға тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазір марқұмның жеке басы, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлайды Қарағанды облысының полиция департаменті.

Новости партнеров