6 ақпан күні Шымкентте жаға ұстатарлық жайт орын алды. Белгісіз біреулер қаланың ортасындағы элиталық шағынаудандағы үйге ұрланып кіріп, үй иелерін атып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz.
Қаскөйлер зәулім үйдің терезесін сындырып кірген. Артынша 64 жастағы үй иесі мен оның 62 жастағы жұбайын атып өлтіріпті.
Белгілі болғандай, қайтыс болған ер адам құрылыс компаниясының құрылтайшысы болған көрінеді.
Бүгінгі таңда полицейлер қылмыскерлердің санын, неліктен мұндай қылмысқа барғанын айта алмай отыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іспен қаланың ең тәжірибелі полиция қызметкерлерінен құрылған топ айналысуда.