|
27.03.2019 | 11:53
4647

«Қаламқастағы» өрт қоршаған ортаға көп зиян тигізіп жатқан жоқ – Экология департаменті

Маңғыстау облысындағы «Қаламқас» кен орнынан шыққан өртті сөндіруге Атырау облысынан қосымша 7 техника жеткізілді

«Қаламқастағы» өрт қоршаған ортаға көп зиян тигізіп жатқан жоқ – Экология департаменті kaznews.kz

Маңғыстау облысындағы «Қаламқас» кен орнынан шыққан өртті сөндіруге Атырау облысынан қосымша 7 техника жеткізілді.

Арасында секундына 200 литр су шашатын авткөліктер де бар. Қазір апат орнында 27 техника мен 83 адам тілсіз жаумен күресіп жатыр. Қызыл отқа жақындау мүмкін болмағандықтан, мамандар кеше өрт сөндірудің тактикасын өзгертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тілсіз жауды ауыздықтау үшін жерді қазып, жол салынып жатыр. Қазір апатқа байланысты бірнеше құзырлы орган өкілдерінің қатысуымен арнайы комиссия құрылды. Олар апаттың шығу себебін, келтірілген шығын мен қоршаған ортаға келген залал көлемін анықтамақ. Ал Маңғыстау аудандық полиция басқармасы жер қойнауын пайдаланушы компанияға қатысты қылмыстық іс қозғады.

«Бұл мұнайгаз кеніштерінде жиі болатын әдеттегі жағдай. Өрт шалған ұңғыма әлі іске қосылмаған, қазылып жатқан кезде апатқа ұшырады. Қай жерде қандай қателік кеткенін арнайы тексерістен соң анықтайтын боламыз. Барлығына осында жұмыс істеп жатқан «Су бу» компаниясы жауапты болады», – дейді «Қазмұнайгаз» ҰК Басқарма төрағасының орынбасары Жақып Марабаев.

«Қоршаған ортаға елеулі зиян келетін жағдайлар болған жоқ. Өйткені, Каспий теңізінің өзі апат болған орыннан 45 шақырым қашықта орналасқан. Яғни дамбасы бар. Қазір Каспий теңізіне судың төгілу қаупі төніп тұрған жоқ. Сонымен қоса басты назарға алатын мәселе ол жерде жерасты суы ғана газ аралас төгілуде. Мұнай төгілу фактілері болған жоқ», – дейді облыстық Экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

газ пожар
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир