Қарағанды – Теміртау тасжолында 8 көлік соқтығысып қалды

Instagram/qara.qala
Instagram/qara.qala
Қатты жел мен көктайғақ салдарынан екі автобус жол шетіне аударылып кеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды – Теміртау тасжолында ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 көлік соғысты. Сондай-ақ, қатты жел мен көктайғақ салдарынан екі автобус жол шетіне аударылып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды облысында сенбіде ауа райы құбылып, сағат 9.00-ден бастап республикалық автожолдардың барлық учаскесі жабылды. Қарағанды – Теміртау тасжолында 8 көлік соқтығысқан. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

Сондай-ақ, Желіде жол шетіне аударылып қалған автобустардың суреті де тарады. Куәгерлер оларды жел "аударып тастады" деп жазған.

"Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қарағанды-Теміртау автожолында сегіз көлік соғылды. Автобустар көктайғақ пен қатты жел салдарынан жол шетіне аударылып қалған. Абай қаласы мен Еркін кенті арасында бір жағдай тіркелді. Автобус жол шетіне шығып, содан кейін бір жағына құлаған. Барлық факт тіркелген. Олар бойынша тиісті сараптама тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады",  деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Қарағанды облысының ТЖД 16 қаңтарда облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында боран, көктайғақ, ал оңтүстік-шығысында тұман болады деп ескертеді. Жел екпіні секундына 25 метрге жетеді.

Новости партнеров