Апатқа ұшыраған украиналық ұшақта қазақстандықтар болмаған

Апатқа ұшыраған украиналық ұшақта қазақстандықтар болмаған
Бұл туралы еліміздің сыртқы істер министрлігі мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласынан Иран арқылы ұшатын әуе рейстерінің бағыты өзгерді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Енді Air Astana әуе компаниясы Дубайға Иран мен Ирак елдерінің әуе кеңістігін пайдаланбай айналып өтетін болды. Тиісінше, ұшу ұзақтығы да өзгерді, дейді компания өкілдері.

«Иран және Ирак әуе кеңістігін айналып өтіп, рейстерді орындау туралы шешім қабылдаған. Яғни, енді Air Astana-ның" рейстері Дубайға сәл ұзағырақ болады. Алматыдан 20 минутқа дейін ұзарады, ал Нұр-Сұлтаннан 55 минутқа дейін ұзарады ұшу ұзақтығы», - деді Air Astana ҰӘК АҚ өкілі Тілек ӘБДІРАХИМОВ.

Ал, Алматыдан тікелей Тегеранға аптасына бір мәрте, яғни әр дүйсенбі күндері Иранға тиесілі Mahan Air әуе компаниясы жолаушылар тасымалдап келген. Ондағылардың айтуынша, әзірге ұшу кестесінде ешқандай өзгеріс жоқ деп отыр.  

Новости партнеров