БҚО-да автокөлік жүргізушімен бірге жанып кетті
ҚазАқпарат
Көлікте жалғыз болған ол қыстырылып, шыға алмай қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Батыс Қазақстан облысында автокөлік жүргізушімен бірге жанып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 6 қыркүйек күні Жаңақала ауданында өрт сөндіру бөлімінен 75 шақырым жерде болды.
«Сағат 17:59-да Чапаев-Жаңақала жолының 55-шақырымында Toyota Hilux автокөлігі аударылды. Соның салдарынан автокөлік отқа оранды. Өрт сөндірушілер келіп жеткен мезгілде көлік түгелдей жанып кеткен. Құтқарушылар 1973 жылғы ер адамның мүрдесін алып шықты. Көлікте жалғыз болған ол қыстырылып, шыға алмай қалған», - деп хабарлады ведомстводан.
БҚО полиция департаменті оқиғаны растап, ақпаратты кейін беретінін жеткізді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41