Екібастұзда ЖЭО-дағы ақау жойылып, 6 қазандық іске қосылды

elements.envato.com
elements.envato.com

Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті өкілдерінің қатысуымен облыс әкімдігінің жедел штабы жұмыс істеуде

Жаңалықтармен бөлісіңіз

 

Екібастұзда ЖЭО-дағы ақау жойылып, 6 қазандық іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2023 жылғы 18 ақпанда сағат 04:37-де Екібастұз ЖЭО-да су жылыту бөлігінің жылу желісін беру коллекторы зақымданып. Нәтижесінде салқындатқыш температурасының параметрлерін төмендету арқылы су жылыту қазандықтары тоқтатылған. Шамамен сағат 20:00 кезінде жөндеу жұмыстары аяқталды, коллекторды толтырғаннан кейін сағат 23:00-де жылу желісінің параметрлерін көтеру үшін кезек-кезек су жылыту қазандықтарын іске қосылуы басталды. Қазіргі уақытта Екібастұз ЖЭО-да 6 қазандық жұмыс істеп тұр, жылу беру температурасы 70 градус", – делінген хабарламада.

Оқиға орнында ТЖМ, Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті өкілдерінің қатысуымен облыс әкімдігінің жедел штабы жұмыс істеуде. Бұл мәселе Үкіметтің бақылауында.

Новости партнеров