«Хан Шатырдың» астыңғы қабатынан өрт шықты
inform.kz
Қабылданған шаралардың нәтижесінде кабельдердің жануы сағат 10:36-да толықтай өшірілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының астыңғы қабатын түтін басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК сілтеме жасап.
«2 қарашада сағат 9:42-де «101» пультіне «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының жертөле қабатын түтін басқандығы туралы хабар келіп түсті. Оқиға орына келген өрт сөндірушілер аталған нысанның техникалық бөлігінде электр кабельдердің тұтанғанын анықтады», - делінген Комитет хабарламасында.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде кабельдердің жануы сағат 10:36-да толықтай өшірілді.
Белгілі болғандай, өрт сөндірушілер келгенге дейін орталық әкімшілігі қызметкерлердің барлығын эвакуациялап үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіруге жеке құрамдағы 11 адам мен елордалық ТЖД-ның екі техникасы тартылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Алматыда Республика күніне орай ауқымды іс-шаралар өтеді
23.10.2026 21:10
Егемендік декларациясы – тәуелсіздіктің алтын қазығы
23.10.2026 21:45
Қазақстандық жүзгіштер Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026 08:40