Көпқабатты үйдің жеделсатысында әйелді пышақтап өлтіріп кетті
otyrar.kz
Қылмысын жасыру үшін ол 3 рет такси ауыстырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шымкентте көпқабатты үйлердің бірінің жеделсатысында әйелді пышақтап, өлтіріп кетті. Марқұм келіншектің сөмкесінде қомақты ақша мен алтын бұйымдары болған, деп хабарлайды otyrar.kz.
Әйелге бірнеше жерінен пышақ сұғып, сөмкесін алып кеткен күдікті азамат қылмысын жасыру үшін 3 рет такси ауыстырған.
Алайда ол сөмкені СМУ-4 ауданындағы қоқыс жәшіктерінің біріне лақтырып кеткен жерінен сол маңайдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері қылмыскер мен такси жүргізушісін қолға түсірді. Ол бұрын сотталған 48 жастағы азамат болып шықты.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
19.10.2026 14:45