Көпқабатты үйдің жеделсатысында әйелді пышақтап өлтіріп кетті

13.05.2019 16:56

Қылмысын жасыру үшін ол 3 рет такси ауыстырған

otyrar.kz

Шымкентте көпқабатты үйлердің бірінің жеделсатысында әйелді пышақтап, өлтіріп кетті. Марқұм келіншектің сөмкесінде қомақты ақша мен алтын бұйымдары болған, деп хабарлайды otyrar.kz.

Әйелге бірнеше жерінен пышақ сұғып, сөмкесін алып кеткен күдікті азамат қылмысын жасыру үшін 3 рет такси  ауыстырған.

Алайда ол сөмкені СМУ-4 ауданындағы қоқыс жәшіктерінің біріне лақтырып кеткен жерінен сол маңайдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері қылмыскер мен такси жүргізушісін қолға түсірді. Ол  бұрын сотталған 48 жастағы азамат болып шықты.

Теги: лифт