Көлік қақ бөлінген: Степногор маңында жантүршігерлік жол апаты болды

стоп-кадр
стоп-кадр
Сегіз адам ауруханаға түсті, қайтыс болғандар жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлеуметтік желіде Степногор маңындағы жол апатының видеосы пайда болды. Audi жолаушылар автобусымен соқтығысып, нәтижесінде жеңіл көлік екіге бөлініп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Сегіз адам ауруханаға түсті, қайтыс болғандар жоқ.

Видеоны өтіп бара жатқан көліктердің біріндегі жолаушы түсірген болуы керек.

«Степногор - Бестөбе тас жолында жол апаты болды. Автобус Қарағандыдан келе жатқан, қарсы жолаққа өтіп, жеңіл көлікпен соқтығысқан. Жедел жәрдем осында, жаралылар бар», – дейді видео авторы.

Видеода көліктің екіге бөлініп кеткені көрінеді.

«Тежегіш ізінен автобустың қарсы жолаққа шығып кеткенін байқауға болады», – деп атап өтті автор.

Ал полиция бөлімінің түсініктемесіне қарағанда, керісінше жеңіл көлік қарсы жолаққа шығып кеткен.

«14 маусымда Ақсу - Бестөбе – Изобильное тас жолының 37-ші шақырымында 1978 жылы туған Audi жүргізушісі Бестөбе ауылынан шыққан. Ол қарсы жолаққа шығып кетіп, Kaessbohrer Setra автобусымен соқтығысқан. Оны 1993 жылы туған азамат басқарған. Автобуста 25 жолаушы болған», – деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер жоқ.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан сегіз адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға медициналық көмек көрсету үшін жеткізілді», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Жол апаты фактісі бойынша материал кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сотқа жіберіледі, деп қорытындылады департаменттегілер.

Новости партнеров