ШҚО-да қар көшкіні жолды жауып қалды
Фото: ашық дереккөзден
Зардап шеккен ешкім жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай ауданында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды Almaty.tv.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Алтай-Малеевск-Путинцево» жолында екі рет көшкін жүрді. 250 және 300 текше метр қар көшкіні жолды толықтай жауып қалған.
«Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Қазіргі уақытта жол қардан толықтай тазартылып, көлік қозғалысы қамтамасыз етілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
21.11.2026 15:20
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
21.11.2026 09:09
Жауапкершілікті сезіне біліңіз: 21 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал
21.11.2026 09:41
Миды тынықтыруға көмектесетін қарапайым әдістер қандай
21.11.2026 16:54
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
21.11.2026 12:54