Алматыда 650 мыңнан астам жүргізушіге айыппұл салынды

03.10.2020 18:28

Сегіз айда жол ережесін бұзған көлік иелері қатаң жауапкершілікке тартылды

Polisia.kz

Алматыда жыл басынан бері жол ережесін бұзғаны үшін 650 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv  Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Жол-көлік оқиғаларының деңгейіне әсер ететін негізгі тетік – жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау.

«Сонымен, 2020 жылдың сегіз айында ҚР жол ережелерін бұзғаны үшін 654 мың 378 жол пайдаланушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл мөлшері 4 миллиард 364 миллион 330 мың теңгені құрайды. Осы кезеңде 8 мың 534 әкімшілік іс шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді. 1 мың 267 жүргізуші куәлігінен айырылды, 816 адам әкімшілік қамауға алынды», – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.