Күдіктілер 240 келі уран концентратын саудаламақ болған
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, күдіктілер 240 келі уран концентратын саудаламақ болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Арнайы операция барысында топтың 4 мүшесі қылмыс үстінде ұсталып, оларға Қылмыстық Кодекстің 283 бабының 2 бөлігі бойынша «радиоактивтi заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен заңсыз жұмыс істеу» бабы бойынша іс қозғалды.