Әйелін өлтіріп түрмеге отырып шыққан Ақтөбе тұрғыны досының жұбайын пышақтап тастады

28.01.2019 16:59

Ақтөбеде әйелін өлтіріп түрмеге отырып шыққан Александр досының келіншегін пышақтап тастады, деп жазады aktobetimes.

Александрдың үйіне таңертең досы Сергей мен оның әйелі Светлана қонаққа келеді. Таңғы сағат 5:00 шамасында олар жанжалдасып, Сергей үйден шығып кетеді. Оңаша қалған Александр мен Светлананың арасында кикілжің шығып, Александр әйелге бірнеше рет пышақ сұғады. Светлана сол жерде көз жұмады. Біраз уақыттан соң оралған Сергей досынан неге бұлай жасағанын сұрайды. Ол өзінің әйелімен шатастырып алғанын айтады.

Александр бұған дейін әйелін өлтіріп, бірнеше жылға бас бостандығынан айрылған болатын.  

Ақтөбе облысты мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты Александрдың бұрын да жасаған қылмысын ескере отырып, оны 12 жылға бас бостандығынан айырды. Сот заңды күшіне енбеді.