Көлік жүргізушісі көз жұмды
Астанада көлік жүргізушісі бетон бағанға соғылып, қаза болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Полиция департаментіне сілтеме жасап.
«29 маусымда сағат 06:04 шамасында Chevrolet Malibu көлігі Сығанақ көшесімен Ш.Қалдаяқов көшесіне қарай келе жатып, «Арыс» көпірінде рульге ие бола алмай қалды. Соның салдарынан бетон бағанға соғылды. 43 жастағы жүргізуші алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - делінген ПД мәліметінде.