Петропавлда 19 жастағы бойжеткен ғимараттың төбесінен секіріп кетті

11.03.2019 17:00

Петропавловск.news

Петропавлда құрылысы бітпеген 13 қабатты ғимараттан 19 жастағы студент құлап, қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдын ала болжам бойынша, Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың 19 жастағы студенті өз-өзіне қол салған.

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта тергеу жүріп жатқанын хабарлады.  

«19 жастағы бойжеткеннің Сутюшев пен Пушкин көшелерінің қиылысындағы құрылысы бітпеген 13 қабатты ғимараттан құлау фактісі қылмыстық кодекстің «Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. Барлық сараптамалар тағайындалды», - деп мәлімдеді полицияның баспасөз қызметі.