Құдай сақтап қалды: апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының жолаушысы ұйықтап, рейске үлгермей қалған

27.12.2019 17:01

Желіде жолаушының билеті таралып кетті

Bek Air әуекомпаниясының жолаушысы Асхат Өтепов бір құдіреттің күшімен апатқа ұшыраған Fokker-100 ұшағының бортына мінбей қалған, деп хабарлайды Almaty.tv. Желіде оның мессенджердегі сөйлескен сөздері жүр. Ер адам ұйықтап қалып, рейстен қалып қойған, деп хабарлайды Almaty.tv  мегаполис әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Еске сала кетейік, бүгін 2019 жылдың 27 желтоқсан күні таңғы сағат 07:18-де Bek Air әуекомпаниясының Фокер 100 ұшағының №Z2100 рейсі Алматы - Нұр-Сұлтан бағытында әуеге көтерілген. Сағат 07:22-де ұшу жолағының соңында ұшақ радардан жоғалып кеткен. Көп кешікпей құтқару жұмыстары басталып, соның арқасында ұшақ жанған жоқ. Жолаушыларды және әуе кемесінің экипажын түгел құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іздеу жұмыстары да жүргізілуде. Бортта находились 95 жолаушы және экипаждың 5 мүшесі болған. Зардап шеккендер бар.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, 9  адам қаза тапқан, зардап шеккендер саны да 9, оның 6-ы бала», - дейді ҚР ІІД ТЖК.

Алматы әкімдігі барлық қалалық қызметтерді жұмылдырды. ТЖД (30 адам және 7 техника) жедел құтқару тобы (16 қызметкер, 2 техника және 1 кинологиялық ит), апаттар медицина орталығы (4 қызметкер және 1 техника), жедел жәрдем (35 қызметкер және 15 техника) жұмыс істейді. Сонымен қатар ПД (200 қызметкер және 20 техника) және 12 жедел топ құрылды.

«Зардап шеккендер 4 қалалық клиникалық аурухана мен балаларға жедел көмек көрсету орталығына жеткізілді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ұшақ ісіне қатысты ҚР Премьер-министрінің тапсырмасы бойынша үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия құрамында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері бар. Комиссия оқиға орнына ұшып кетті. Қазіргі таңда апат себептері анықталуда.