Қызылордадағы тікұшақ апаты: прокуратура қылмыстық іс қозғады

28.03.2019 17:19

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырап, борттағы 13 адам қаза тапты

kaz.tengrinews.kz

Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин Қызылорда облысында Ми-8 әскери тікұшағының апатқа ұшырауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Бас әскери прокуратура бүгінгі күні қозғалған қылмыстық істі қадағалайды, түрлі сараптамалар жүргізіліп жатыр. Барлық қажетті тергеу әрекеті Қазақстан бас прокурорының бақылауында. Тергеу шаралары «Ұшу ережелерін бұзу» бабы бойынша тергеу басталды», - деп хабарлады Лукин Сенаттың қулуарында.

Еске сала кетсек, кеше кешке Қызылорда облысы Жалағаш ауданында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесі белгісіз себептермен құлап, түгі қалмай жанып кеткен. Әскери тікұшақтың бортында 13 адам болды, олардың барлығы қаза тапты.