Шымкентте 3 жасар бала қолын ет тартқышқа сұғып жіберген

дереккөзден
дереккөзден
Қазіргі уақытта бала №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасында реанимация бөлімінде жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сайрам елдімекеніндегі №3 Шымкент қалалық ауруханасында Шымкент қаласы ТЖ департаментінің Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 3 жасар баланың қолын электр ет тартқыштан босату бойынша бірегей операция жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Қалалық ауруханадан «112» құтқару қызметіне 3 жасар баланың қолын электр ет тартқыштың құбырына тартып алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Балаға көмек көрсету үшін дәрігерлер оның қолын шығарып ала алмай, құтқарушылардың көмегі қажет болды.

Ата-аналардың айтуынша, бала электр тартқышпен жұмыс істеген кезде оның жанында болған.

- Құтқарушылар операцияны дәрігерлермен бірге жүргізді. Төтенше жағдай қызметкерлері авариялық-құтқару құралының көмегімен ет тартқыштың корпусын мұқият кесіп, қолын босатты, бұл сәтте баланы наркоз арқылы ұйықтатып қойған. Қазіргі уақытта бала №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасында реанимация бөлімінде, - деп хабарлады Шымкент қаласының ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Новости партнеров