Баланы құтқару мүмкін болмады
Талдықорғанда төрт жасар бала демалыс орталықтарының біріндегі бассейнге батып кетіп, көз жұмды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
2023 жылдың 1 тамызында Талдықорған қаласының Жедел жәрдем пультіне қаладағы отбасылық демалыс орталықтарының бірінің бассейнінде баланың суға батып кеткені туралы шақыру келіп түсткен.
«Шақыру орнына келгеннен кейін, ересектердің қарауынсыз қалған 2019 жылы туған бала бассейнге құлап, суға батып кеткені анықталды. Жедел жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетті, бірақ, өкінішке қарай, баланы құтқару мүмкін болмады», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Шымкентте білім басқармасының лауазымды тұлғалары жемқорлық үшін сотталды