Жамбыл облысында сарбаз казарма ғимаратының 4 қабатынан секіріп кетті

depositphotos.com
depositphotos.com
Мерзімді қызметкер 2021 жылдың сәуірінде әскерге шақырылып, 15 мамырда әскери ант берген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысы Гвардейский кентінде мерзімді қызметтегі сарбазы өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі өтінішке жауап ретінде мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«82796 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі сарбазы казарма ғимаратының 4 қабатындағы терезесінен секіріп, өзіне-өзі қол жұмсады. Жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, 2021 жылғы 20 мамырда әскери қызметкер қайтыс болды. Қорғаныс министрлігі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», – деді ведомство өкілі.

Қорғаныс министрлігі мәліметі бойынша, құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр, тергеу мүддесі үшін және туыстарының тілегі бойынша басқа ақпарат жария етілмейді.

Мерзімді қызметкер 2021 жылдың сәуірінде әскерге шақырылып, 15 мамырда әскери ант берген.

82796 әскери бөлімі Жамбыл облысы Қордай ауданының Гвардейский кентінде орналасқан.

Новости партнеров