Қостанайда жүк көлігімен соқтығысқан «ВАЗ» жүргізушісі мерт болды
Фото: ашық дереккөзден
Аталмыш факті бойынша тергеу жұмыстары басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жол-көлік оқиғасы 29 шілде күні сағат 21:30-да «Рудный-Қостанай» тасжолында болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап
«2021 жылдың 29 шілдесінде сағат 21:30-да Қостанайға кірер жолда (Рудный-Қостанай автожолы) 43 жастағы жүргізуші «ВАЗ-2114» автокөлігін басқара алмай, жолдың шетіне тұраққа қойылған 27 жастағы жүргізуші басқарған «JAC N944» маркалы жүк автокөлігін келіп соққан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «ВАЗ-дың» жүргізушісі оқиға орнында алған жарақаттардан көз жұмды», – делінген полицияның хабарламасында. Аталмыш факті бойынша тергеу жұмыстары басталды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
08.11.2026 12:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
08.11.2026 09:21
Ішкі үйлесімге көңіл бөліңіз: 7 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
07.11.2026 09:55
7 қарашаға арналған валюта бағамы
07.11.2026 09:01
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00