Қостанайда жүк көлігімен соқтығысқан «ВАЗ» жүргізушісі мерт болды

30.07.2021 в 17:03

Аталмыш факті бойынша тергеу жұмыстары басталды

Фото: ашық дереккөзден

Жол-көлік оқиғасы 29 шілде күні сағат 21:30-да «Рудный-Қостанай» тасжолында болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап

«2021 жылдың 29 шілдесінде сағат 21:30-да Қостанайға кірер жолда (Рудный-Қостанай автожолы) 43 жастағы жүргізуші «ВАЗ-2114» автокөлігін басқара алмай, жолдың шетіне тұраққа қойылған 27 жастағы жүргізуші басқарған «JAC N944» маркалы жүк автокөлігін келіп соққан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «ВАЗ-дың» жүргізушісі оқиға орнында алған жарақаттардан көз жұмды», делінген полицияның хабарламасында. Аталмыш факті бойынша тергеу жұмыстары басталды.