Үндістанда 13 әйел құдыққа құлап, көз жұмды

17.02.2022 17:03

Дәрігерлер зардап шеккендердің өмірі үшін күресіп жатыр

ҚазАқпарат

Үндістанның Уттар-Падеш штатындағы ауылда кем дегенде 13 әйел құдыққа құлап, мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

The Indian Express газетінің жазуынша, оқиға сәрсенбі күні Кушингар ауданында болған. Той рәсімі кезінде қатысушылардың бірі құдықтың үстінде отырған. Адам көптігінен құдық опырылып, ішіне біраз адам құлаған. 11 әйел бірден мерт болды, тағы екі әйел ауруханада көз жұмды. Дәрігерлер зардап шеккендердің өмірі үшін күресіп жатыр. Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди Twitter-де қайтыс болған әйелдердің туыстарына көңіл білдіріп, зардап шеккендердің тез сауығып кетуін тіледі.