Алматыда таксистердің телефонын ұрлаумен айналысқан азамат ұсталды

08.05.2019 17:03

фото из открытых источников

Алматыда алаяқтық жасаған 29 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қалалық Полиция депарматентіне сілтеме жасап.

Ол ұялы телефон ұрлығымен айналысқан

«Тергеу кезінде күдіктінің таксистерге қатысты 11 қылмысы ашылды. Ол такси тоқтатып, баратын жерін айтады. Жол бойы таксистпен әңгіме құрып, жеткен соң ақша төлейтін сәтте үйіндегілерге «ақша алып шық» деп айтамын деген желеумен таксистердің телефонын алып қашып кетіп отырған. Күдікті жасаған қылмыстарын мойындап отыр», – деп хабарлады Түріксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Айта кетейік, полиция күдіктіден зардап шеккендер болса  298-54-00; 298-54-01 немесе 298-54-02 телефон нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.