Абайсызда ол екі үйдің ортасындағы шұңқырға құлап кеткен
Алматы облысында 11 жастағы бала 9 қабатты үйдің төбесінен абайсызда құлап, қаза болды. Оқыс оқиға кеше Талғар ауданы, Бесағаш ауылында, кешкі сағат 18:00-де болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жергілікті тұрғындар түсірген видеожазбадағы куәгердің сөзінше, мектеп оқушысы үйдің төбесінде өзге балалармен ойнап жүрген. Олар бір үйден екінші үйге секіріп ойнап жүргенде екі ғимараттың ортасындағы бөгет баланың салмағын көтере алмай, құлап кеткен.
«2009 жылы туылған бала, үлкендердің қарауынсыз қалып, 9 қабатты тұрғын үйдің төбесінде балалармен ойнап жүріп, абайсызда екі қабырғаның арасына құлап кетті. Алған жарақаттарының салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды. Алматы облысы Төтенже жағдайлар департаменті азаматтардан балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмауды сұрайды», – деді облыстық ТЖД ресми өкілі Азамат Жұртбаев.