Алматылықтар кешелі бері тағы бір жер сілкінісін сезінді

 Алматылықтар кешелі бері тағы бір жер сілкінісін сезінді
Оқыс жағдай Алматы уақыты бойынша 11 сағат 31 минут 04 секундта тіркелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 20 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша 11 сағат 31 минут 04 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің дерегінше, зілзала ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 231 шақырым қашықтықта - Алматы облысының Текелі қаласы мен Рудничный ауылының арасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 11.3. MPV магнитудасы - 4,7. Тереңдігі - 20 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәліметтер: Текелі қаласында - 3-4 балл, Талдықорған қаласында - 3 балл. Қирандылар мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ.

Еске салайық, Алматы облысында жер сілкінісі 20 қаңтар күні 02 сағат 57 минутта да тіркелген болатын. Бірақ оның сезілуі туралы мәліметтер түспеген еді. Зілзаланың энергетикалық санаты - 10.0. MPV магнитудасы - 3.8. Тереңдігі 20 шақырымда орналасты. Сондай-ақ 19 қаңтарда сағат 19.27-де Алматыдан оңтүстікке қарай 370 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында жер сілкінді. Алматыда дүмпу 3-4 балл қуатымен сезілді. Зардап шеккендер және қираған ғимараттар туралы мәлімет түскен жоқ.


Новости партнеров