Алматыдан 390 шақырым қашықтықта жер сілкінді

29.03.2020 17:06

Алматы уақыты бойынша 10 сағат 51 минутта жер сілкінісі тіркелді

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 29 наурызда Алматы уақыты бойынша 10 сағат 51 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 390 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты – 9,8. MPV магнитудасы – 4,3. Тереңдігі – 10 шақырым. Сезілу туралы (МSК-64 бағаны бойынша) ақпараттар жоқ.