Президент Екібастұз ЖЭО иесі туралы пікір білдірді

12.12.2022 17:06

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр

kt.kz

Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз ЖЭО иесі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жылу-электр орталығы мен желілердің меншік иесіне жеке тоқталығым келеді. Тозу көрсеткіші 90 пайыздан асатын Екібастұз жылу-электр орталығын 1 теңге сату ұсынысы сараптаманы қажет етеді. Бұл нысанға тәуелсіз аудит жүргізу керек. Әбден тозған орталықты мемлекет тиімді басқара ала ма, ең алдымен, осыны зерттеу керек. Кәсіпорынның 50 пайызын алып, меншік иесіне Жылу электр орталығын күрделі жөндеуден өткізуді тапсырған жөн», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Жиын барысында еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріледі және Үкіметтің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары қарастырылады деп жоспарланып отыр.