Мәйітті қарау кезінде көптеген сызаттар мен гематомалар анықталды
Түркістан облысында құдықтан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Orda.kz сілтеме жасап.
Ер адам учаскелік полиция қызметкеріне телефон соғып, жалғыз тұратын көршісінің белгісіз жағдайда жоғалып кеткенін айтқан. Тиісті мекенге учаскелік инспектор капитан Берік Айдосов келген.
"Полиция қызметкері оқиға орнын мұқият тексеру кезінде үйдің ауласында орналасқан құдыққа апаратын қан іздерін тапқан. Белгілі болғандай, ер адам 2 метр тереңдікте қозғалыссыз жатқан. Ер адам көршісін танып, сол екенін айтты", – деп хабарлады Түркістан облысы бойынша ДПД баспасөз қызметі.
Мәйітті қарау кезінде көптеген сызаттар мен гематомалар анықталды. Аталған факті дереу «Адам өлтіру» бойынша тіркелді. Жедел іздестіру шаралары барысында марқұмның жиені қамауға алынды.
Полицейлер анықтағандай, жас жігіт туысының үйіне келген. Ер адамдар арасында жанжал шыққан. Салдарынан жиені нағашысын ұрып өлтірген. Ауыр қылмысты жасыру үшін мәйітті құрғақ құдыққа тастап, із-түзсіз жоғалған.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.