Риддер қаласындағы Жылу электр орталығындағы екі қазандықтан өрт шықты. Салдарынан тұрғын үйлерде жылу азая бастаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты аймақ басшысы Даниал Ахметов бірден қалаға барып, шұғыл жиналыс өткізді.
«Орталықтың жаңа иелері өздеріне жүктелген жауапкершілікті атқара алмай жатыр. Технологиялық процестер бұзылған, инженерлік бақылаудың болмағаны анық. Қаңтар айынан бастап жаңа инвесторлар жабдықтарды жөндеуге, дебиторлық берешекті, отын жеткізушілер алдындағы борыштарды өтеуге және жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат салған жоқ. Нәтижесінде, тағы бір төтенше жағдай болып отыр. Абырой болғанда, жабдыққа айтарлықтай зақым келтірілмеді. Қазір екі қазандық агрегаты жұмыс істеп тұр, тағы екеуі қыздырылуда», - дейді аймақ басшысы.
Облыс әкімі қалада өрттің салдарынан жылу температурасы азайғанын айтады.