«Көкнәр-2019» жедел-профилактикалық іс-шара өткізу кезінде 3 адам ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында марихуана сатқан ерлі-зайыпты ұсталды. Олардың пәтерін тінту барысында 0,5 кг марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар, іс-шара барысында тағы бір азаматтың үйінен 11 кг 875 гр марихуана табылды.
Күдіктілер ҚР ҚК 297 бабы 1 тармағының «Есірткі құралдарын және ұқсастығын қайта сату немесе сату мақсатында тасымалдауды, сатып алуды заңсыз дайындау» соған сәйкес 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылып жатыр.