Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау себептері анықталып жатыр
Тараз қаласында 14 жастағы бала көпқабатты тұрғын үйдің 12-қабатынан секіріп кетті. Жасөспірім оқиға орнында қайтыс болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz телеграм арнасына сілтеме жасап.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.
Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау себептері анықталып жатыр. Оның өлім алдында қалдырған хатын тиісті мамандар зерттейді.