ШҚО шахтасында екі адам қаза болып, тағы бірі зардап шекті

17.06.2020 17:08

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда

Inform.kz

Шығыс Қазақстан облысында екі кенші қаза болып, тағы бірі зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға 16 маусым сағат 22:00 шамасында KAZ Minerals Тобы «Шығыстүстімет» ЖШС-ға қарасты Орлов өндірістік кешенінің шахтасында жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде болды. Салдарынан екі жұмысшы қаза болды, зардап шеккен тағы бір адам Бородулиха аудандық ауруханасына жеткізілді.

«Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Тергеу жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетілетін болады», – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.