БҚО-да адамдарға қасқыр шапты: зардап шеккендердің жағдайы қалай

 Pixabay / Madeleine Lewander
Pixabay / Madeleine Lewander
Мамандар қасқырда құтыру ауруы болған-болмағанын анықтап жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

БҚО-да қасқыр адамдарға шапқаннан кейін ауруханада бір ғана зардап шегуші емделіп жатыр, қалғандары үйде емделеді, деп хабарлады Almaty.tv.

Sputnik мәліметінше, дәрігерлер зардап шеккен төрт адамның денсаулығын бақылауда.

"58 жастағы әйел ауруханада жатыр. Дәрігерлер оған оң иық пен білек жарасы диагнозын қойды. Әйелдің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Екі адам амбулаторлық бақылауға жіберілді. Бала қалада да амбулаторлық бақылауда", - деді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Мамандар қасқырда құтыру ауруы болған-болмағанын анықтап жатыр. Қорытындысы екі ай ішінде дайын болады.

Еске сала кетсек, 7 мамыр күні Шыңғырлау ауданы Шоқтыбай ауылында қасқыр ауылға кіріп, адамдарға шапты. Төрт адам зардап шекті, олардың бірі - төрт жасар бала.

Жыртқышті өлтірді, жергілікті ветеринарлар қасқыр тістеген бірнеше итті де өлтіруге мәжбүр болды.

Новости партнеров