Қаза болған қыздардың екеуі 17, кішісі – 13 жаста. Трагедияның мән-жайы анықталып жатыр
Қайғылы оқиға Қарағанды облысындағы Сарысу өзенінде болды – үш жасөспірім қыз шомылам деп көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Ұлытау ауданында Жыланды ауылының маңында 31 тамыз күні болған.
Рұқсат етілмеген жерде шомылып жүрген үш қыз суға батып кетті: олардың екеуі 2002 жылы, ал біреуі 2006 жылы туған. Балалардың денесін судан жергілікті тұрғындар шығарды.
Қазаның мән-жайы анықталып жатыр.