Қорғаныс ведомствосының басшылығы қаза тапқан әскери қызметкердің отбасына және жақын туыстарына көңіл айтты
Жамбыл облысындағы әскери бөлімдегі жарылыстардың салдарынан тағы бір әскери қызметкер қаза тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Жамбыл облысында өрт шыққан әскери бөлімде тағы бір әскери қызметкер қаза тапқаны белгілі болды. Өрт сөндіру командасының бастығы, келісімшарт қызметінің старшинасы 1992 жылы дүниеге келген Нәдірбеков Еркін Ерікбайұлы инженерлік оқ-дәрілер қоймасындағы өртті сөндіру жұмыстарына тікелей жетекшілік жасаған. Жарылыстан кейін оқиға орнында қаза тапқан. Ол 27 тамыз күні қайда екені туралы мәлімет жоқ әсери қызметкерлердің қатарында болған», – делінген Қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратта.
Қорғаныс ведомствосының басшылығы қаза тапқан әскери қызметкердің отбасына және жақын туыстарына көңіл айтты. Марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетілетінің жеткізді.
Естеріңізге сала кетсек, 26 тамызда кешкі сағат 19:00 шамасында Байзақ ауданындағы әскери бөлімге қарасты қоймалардың бірінде өрт шығып, оннан астам жарылыс болды.