|
30.05.2021 | 12:09
9483

Шарын шатқалында жоғалып кеткен қыз табылды

Қызды 29 мамыр күні сағат 13:35-те Шарын шатқалының төменгі бөлігінде орын алған батпақты-селмен ағызып кеткен болатын

Шарын шатқалында жоғалып кеткен қыз табылды Фото: 365info.kz

Шарын шатқалында жоғалып кеткен қыз табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

«Қыз бала 2021 жылғы 30 мамырда сағат 09:34-те құтқарылды. 34 минут Шарын өзені бойындағы іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде «Шарын» МҰТП қызметкері 2010 жылы туған қызды тапқан. Жоғалған қыз оқиға орнынан 3-4 шақырым қашықтықта Шарын өзенінің сол жағалауынан табылған (каньонның биіктігі 800 м-ден 1500 м-ге дейін. Өзен бойындағы осы учаскедегі жағалау жартасты және өтуі қиын жер болып саналады). Қазіргі уақытта Алматы облысы ТЖД және РЖҚЖ құтқарушылары дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсетуде, алдын ала мәлімет бойынша қыз бала жарақат алған, жағдайы орташа. Қазіргі уақытта зардап шеккен адамды «Қазавиақұтқару» АҚ авиациялық техникасын пайдалана отырып, білікті медициналық көмек көрсету үшін Алматы қаласының медициналық мекемесіне тасымалдау мәселесі қарастырылып жатыр», – делінген хабарламада.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД күштері мен құралдары (35 қызметкер және 1 жүзу құралы, 1 кинологиялық есеп және 10 бірлік техника), АПБ (20 қызметкер және 4 бірлік техника), Алматы қаласы РЖҚЖ (11 құтқарушы және 3 кинологиялық есеп және 1 бірлік техника), «Шарын каньоны» МҰТП (20 қызметкер және 3 бірлік техника), ЖАО (5 адам 1 бірлік техника) жұмылдырылған.

Естеріңізге сала кетейік, 29 мамыр күні сағат 13:35-те қызды Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шарын шатқалының төменгі бөлігінде орын алған батпақты-селмен ағызып кеткен болатын.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир