|
30.05.2021 | 12:57
5160

Елордада полицейлер 4-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарды

Бұл полиция қызметкерінің қызмет жүргізу кезіндегі бірінші ерлігі емес

Елордада полицейлер 4-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарды Фото: ainews.kz

Елордада полицейлер 4-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарды. Оқиға Жансүгіров көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде болған. Ер адамның жоғары қабаттан секірмек болғанын көрген куәгерлер полицияға қоңырау шалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға орнына келіп жеткен патрульдік полиция полкінің инспекторлары – аға лейтенант Руслан Бүркітбаев пен лейтенант Жасұлан Құмарханов үй балконының таянышында отырған ер адамды көрді.

Полицейлер үйге кірген. Ал пәтер ішінде ер адамның әкесі жүрген, ол баласын төменге секірмеуге көндіруге тырысты. Полицейлер де ер адамды әңгімеге тартты. Сондай-ақ, оқиға орнына құтқару қызметкерлері келіп, әлгіні балкон таянышынан ішке қарай итере бастаған. Полицейлер сол мезетте ер адамды қапсыра ұстап, ішке тартып алды.

Құтқарылған 33 жастағы ер адам медициналық қызметкерлерге тапсырылды.

«Біз күйзелісте жүрген адамның қандай әрекетке баратынын білмегендіктен, жағдайға қарай әрекет жасадық. Оның төменге секірмеуі үшін бар күшімізді салдық», – деді Р.Бүркітбаев.

Бұл полиция қызметкерінің қызмет жүргізу кезіндегі бірінші ерлігі емес.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир