Алматыдан 317 км қашықтықта жер сілкінді

15.02.2020 17:09

Энергетикалық санаты – 9,3

inform.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 15 ақпан күні сағат 11.08-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 317 км қашықтықта Қазақстан аумағында орналасты. Энергетикалық санаты – 9,3. MPV магнитудасы – 4,2. Тереңдігі - 5 км. Сезілуі туралы ақпарат (МSК-64 бағаны бойынша) түскен жоқ.