Күдікті ретінде қаза тапқан әйелдің 25 жастағы танысы ұсталды
Солтүстік Қазақстан облысында 39 жастағы әйел мен 3 жасар қызын қылмыскер пышақтап өлтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай Мәмлүт ауданының орталығында болған.
«Үйдің ауласындағы қорадан 39 жастағы әйел мен 3 жасар қызының пышақталған денелері табылды. Қылмысқа күдікті ретінде қаза тапқан әйелдің 25 жастағы танысы ұсталды», - деді полиция өкілі.
Адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті. Күдіктінің сол аудан тұрғыны, бұған дейін сотталғаны анықталды. Ол аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.