Көпқабатты үйде өрт шықты
30 тамызда сағат 13.00 шамасында Қостанайда тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде өрт шығып, одан құтқарушылар үш адамды, оның ішінде жаңа туған баланы алып шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
30 тамызда сағат 12:55-те Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жедел жәрдем орталығына Садовая көшесіндегі 79-үйде өрт шыққаны туралы қоңырау шалынған. Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынға оранған үйден үш адамды аман алып шықты.
-Үш адам баспалдақ маршы арқылы шығарылды, оның екеуі – кәмелетке толмаған бала. Сонымен бірге алты адам эвакуацияланды. Өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі Бижанов 2023 жылы туған сәбиді тоғызыншы қабаттан баспалдақпен түсіп, алып шықты. Өрт сөндіруші Қазиев жетінші қабаттан әйел адамды қызыл жалыннан құтқарды, - деп хабарлайды Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға орнында болған құтқарушылардың айтуынша, төртінші қабаттағы пәтерлердің біріндегі ас үйден өрт шыққан. Зардап шеккендер жоқ.
Оқи отырыңыз:1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды