Алматыда өртенген монша кешенін сөндіруге 60 адам жұмылдырылды
Қызыл жалын түнгі 2.00-ден 45 минут кеткенде толық сөндірілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қызыл жалын бүгін түнде Жұлдыз көшесінде тұтанған. Төтеншеліктер өртке оранған қос қабатты ғимаратты бір жарым сағаттан астам уақытта өшірген. Оқиға орнына жедел жеткен мамандар 15 техниканың күшімен тілсіз жауды ауыздықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ағаштан тұрғызылған нысанның қасында тағы 2 ғимаратқа өртену қаупі төнген. Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәлімет бойынша, өрт болған жерде гидранттар жоқ. Сондықтан су тасығыш көліктермен су тасуға мәжбүр болған. Қызыл жалын түнгі 2.00-ден 45 минут кеткенде толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
28.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
28.10.2026 11:06