Алматы - Қорғас тасжолында жол апаты болды
polisia.kz
Жол-көлік оқиға фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы - Қорғас тасжолында жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жол апаты Жетісу облысы Панфилов ауданында өтетін республикалық автожолдың 333 шақырымында болды. Алдын ала болжам бойынша, 29 жастағы Toyota Camry жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Volkswagen Passat көлігімен соқтығысқан.
Оқиға орнында 25-27 жас аралығындағы екі ер адам қайтыс болды. Тағы үш зардап шеккен адам жақын орналасқан ауруханаға түрлі жарақаттармен жатқызылды.
Жол-көлік оқиға фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
22.09.2026 08:00
Қайтыс болған адамның несиесін туыстары өтеуге міндетті ме
21.09.2026 21:29
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
22.09.2026 13:00
Санжар Әділов Азиадада аралас жекпе-жектен қола алды
21.09.2026 09:45