Іздеуге ауылдың және жақын маңдағы елді мекендердің екі жүзге жуық тұрғыны қосылды. Оралдан құтқарушылар жіберілді
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданындағы Жанама ауылында 2014 және 2017 жылы туған екі бала жоғалып кетті, деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитеті.
Бейсенбі күні сағат 16.00 шамасында балалар үйдің жанында ойнап жүріп, жоғалып кеткені белгілі болды. Ата-анасы құқық қорғау органдарынан тек 21.00-де көмек сұрады. Қазір іздеумен құтқарушылар, полицейлер және жергілікті тұрғындар айналысып жатыр.
"Орал қаласынан іздеуге құтқарушылар мен кинологиялық топтар жіберілді. Жанама ауылы мен жақын елді мекендердің аумағын шолып шығу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аймақтағы орман алқаптары тексерілуде", - деді ведомство мамандары.
Қазіргі уақытта іздеуге 30-дан астам қызметкер жұмылдырылған.