Шекарашылар косметикалық заттарының арасынан 20 граммға жуық марихуана есірткісін тапты
Сарыағаш шекара отрядының «Жібек жолы-авто» өткізу бекетінен жаяу өтпек болған 22 жастағы бойжеткеннен есірткі табылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
«Шекарашылар қазақстандық азаматшаны жеке тексеру барысында, оның косметикалық заттарының арасынан 20 граммға жуық марихуана есірткісін тапты», – делінген хабарламада.
Ұсталған бойжеткен айғақ заттарымен бірге Сарыағаш аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды.
Айта кетейік, оқиға 23 ақпан күні сағат 08:00 шамасында орын алған.