Бала ересектердің қарауынсыз қалған
Қызылорда облысында екі жасар бала құдыққа түсіп көз жұмды. Қайғылы оқиға 24 наурызда күндіз Жаңақорған ауданы Қандөз ауылында болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
2021 жылы дүниеге келген марқұм бала Түркістан облысы Сауран ауданы Балтакөл ауылынан Қандөз ауылына анасымен бірге қыдырып келген.
"Сағат 11:30 шамасында бала С.Молдалиев көшесіндегі ауладағы құдыққа құлап, көз жұмды", - делінген хабарламада.
ТЖД оқиғаның басқа мәліметтерін жарияламады. Болжам бойынша, бала ересектердің қарауынсыз қалған.