27 жастағы Евгений Степанов 12 жылға бас бостандығынан айырылды
Алматыда сот Анастасия Галееваның өліміне кінәлілерге үкім шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Облыстық соттың баспасөз қызметінде хабарлағандай, 27 жастағы Евгений Степанов 12 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ол жазасын жоғары қауіпсіздік колониясында өтейтін болады.
Ал 25 жастағы Асхат Баржақсин орташа қауіпсіздік колониясында төрт жыл жазасын өтейді.
Естеріңізге салсақ, осы жылдың ақпан айында құрбысына кеткен 22 жастағы Анастасия Галееваның жоғалғаны туралы туыстары хабарлаған еді.
Екі айдан кейін бойжеткеннің денесі Алматы маңындағы су арнасынан табылды.
Ал оның жолдастары қыздың табиғи өліммен көз жұмғанын айтып, ақталды. Кейіннен прокурор сотта қыздың қалай өлтірілгенін мәлімдеді.